Саудиялық коалицияның Йеменге қарсы шабуылы соғыс қылмысы саналады
(last modified Sat, 04 Aug 2018 02:49:56 GMT )
Там 04, 2018 08:49 Asia/Almaty

Йемен Жоғары революциялық комитетінің басшысы әл-Хуси басқыншы саудиялық коалицияның әл-Ходейда айлағына жасаған шабуылдарына реакция білдіріп: "Соғыс қылмысы мен халықаралық заңдарды ашық түрде бұзудың көрінісі саналатын саудиялық-америкалық коалицияның әрекеттері бұл коалицияның лаңкестік болмысын көрсетіп отыр",- деді.

Басқыншы саудиялық коалиция бейсенбі күні кешке Йеменнің батысындағы тұрғын үйлерге, әл-Таура ауруханасы мен балық базарына жасаған шабуылдың жалғасында әл-Ходейда қаласын бомбалады. Бұл қылмыс салдарынан кемінде 52 йемендік азамат қаза болып, 100-ден астам адам жарақат алған.

Al Mayadeen телеарнасының хабарлауы бойынша, Мұхаммад Әли әл-Хуси жұма күні таңертең басқыншы саудиялық коалицияның әл-Ходейдағы адам өлтіру әрекетін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі үшін түйткіл тудырушы жағдай деп атап: "АҚШ, Ұлыбритания, БАӘ мен олардың басқа да одақтастары күн сайын әртүрлі қылмыстар жасап, заңдарды ешбір кедергісіз бұзуда",- деді.