Израиль Газа секторының айналасына дуал салады
Там 06, 2018 10:51 Asia/Almaty
Сионистік режимнің Соғыс министрі жексенбі күні кешке Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында Израильдің Газа секторының айналасына теңізден бөліп тұратын дуал салатынын хабарлады.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, Авигдор Либерман Израильдің Газа секеторын құрлық арқылы және теңізден бөліп тұратын дуал салу талпыныстарын жалғастыратынын баса айтты.
Сионистік режимнің бұл шарасы Газа секторын қоршауға алуды күшейту мақсатында жүзеге асырылып жатыр.
БҰҰ-ның Таяу Шығыс істері жөніндегі үйлестірушісі Николай Младенов жуырда Газа секторының дағдарысты жағдайда екенін баса айтып, бұл секторды қоршауға алуды доғаруды сұраған болатын.
Тегтер