Израиль Газа секторының айналасына дуал салады
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i38549-Израиль_Газа_секторының_айналасына_дуал_салады
Сионистік режимнің Соғыс министрі жексенбі күні кешке Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында Израильдің Газа секторының айналасына теңізден бөліп тұратын дуал салатынын хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 06, 2018 10:51 Asia/Almaty
  • Израиль Газа секторының айналасына дуал салады

Сионистік режимнің Соғыс министрі жексенбі күні кешке Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында Израильдің Газа секторының айналасына теңізден бөліп тұратын дуал салатынын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, Авигдор Либерман Израильдің Газа секеторын құрлық арқылы және теңізден бөліп тұратын дуал салу талпыныстарын жалғастыратынын баса айтты.

Сионистік режимнің бұл шарасы Газа секторын қоршауға алуды күшейту мақсатында жүзеге асырылып жатыр.

БҰҰ-ның Таяу Шығыс істері жөніндегі үйлестірушісі Николай Младенов жуырда Газа секторының дағдарысты жағдайда екенін баса айтып, бұл секторды қоршауға алуды доғаруды сұраған болатын.