Қатардың Сыртқы істер министрі Йемендегі соғыс қылмыстарын айыптады
(last modified Wed, 29 Aug 2018 14:12:34 GMT )
Там 29, 2018 20:12 Asia/Almaty
  • Қатардың Сыртқы істер министрі Йемендегі соғыс қылмыстарын айыптады

Қатар Сыртқы істер министрі Мұхаммад бен Абдолрахман әл-Сани Твиттердегі парақшасында: «БҰҰ-ның Йеменге қатысты мәлімдемелері алаңдатарлықтай. Сондықтан соғыс қылмыстарына қарсылық білдіру адами әрі ахлақтық әрекет саналады»,- деп жазды.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметі бойыша, ол Йемендегі қантөгісті тоқтатып, бейбітшілік орнату мақсатында қақтығысқа қатысты топтар арасында ұлттық келіссөз жүргізуді сұрады.

БҰҰ-ның инспекторлары бұл ұйымның Адам құқығы кеңесіне тапсырған бірінші мәлімдемесінде Сауд Арабиясы басқарған коалицияның  өткен жылғы әуе шабуылдарының шығындарына тоқталып, әлемдік қоғамнан Сауд Арабиясына әскери қару жіберуді тоқтатуды талап етті.

 

 

 

Тегтер