Сионистік режим палестиналық 300 баланы білім алу құқығынан айырды
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i38833-Сионистік_режим_палестиналық_300_баланы_білім_алу_құқығынан_айырды
Палестинада жаңа оқу жылының басталуымен тұспа-тұс сионистік режим басшылары палестиналық 300 баланы, соның ішінде 3 қыз баланы білім алу құқығынан айырды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 30, 2018 12:36 Asia/Almaty
  • Сионистік режим  палестиналық 300 баланы білім алу құқығынан айырды

Палестинада жаңа оқу жылының басталуымен тұспа-тұс сионистік режим басшылары палестиналық 300 баланы, соның ішінде 3 қыз баланы білім алу құқығынан айырды.

Палестина ақпарат орталығының мәліметі бойынша, Палестина тұтқындарының жағдайын зерттейтін орталық сәрсенбі күнгі мәлімдемесінде сионистердің палестиналық балаларды білім алу құқығынан айыруын халықаралық конвенциялар мен келісімдерді және заңдарды бұзу деп атады.

Палестина тұтқындарының жағдайын зерттейтін орталық барлық құқықтық ұйымдардан сионистік режимнің абақтыларында қамалған палестиналық балалардың жағдайын қарастырып, балаларды азат ету үшін сионистік режимге қысым көрсетуді сұрады.