Қазақстан Президенті Анкарада Ердоғанмен кеңесті
Түркияға іссапармен барған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бейсенбі күні түркиялық әріптесімен кездескеннен кейін берген сұхбатта аймақтық және халықаралық деңгейде екі елдің ұстанымын бірдей деп атады.
Anadolu ақпарат агенттігінің Анкарадан хабарлауы бойынша, Назарбаев бейсенбі күні Режеп Тайып Ердоғанмен кездесуден кейін екіжақты қарым-қатынас деңгейіне ризалық білдіріп, Анкараның халықаралық саясаттарын қолдайтынын жариялап:.
"Түркиямен тауар айналымын арттырғымыз келеді. Біздің мақсатымыз – тауар айналымын жылына 10 млрд доллар көлеміне жеткізу. Қазіргі таңда бұл 1 млрд 900 млн долларды құрап отыр",-деді.
Түркия Президенті де Қазақстанмен қарым-қатынасты нығайтуды қолдайтынын айтып, қазақ әріптесімен кездесуде екі елдің сауда-экономикалық, мәдени және әскери салалардағы әріптестіктерін арттыру жолдарын талқылағандарын мәлімдеді.