Махмуд Аббас әл-Ақса мешітін бөлуге қатысты ескерту жасады
Палестина Автономиялық құрылымының басшысы БҰҰ-ның Халықаралық сотына әл-Ақса мешіті мен Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Хан әл-Ахмар ауылына қатысты шағым түсіруге шешім қабылдағанын хабарлады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Палестина Автономиялық құрылымының басшысы Махмуд Аббас сенбі күні Палестинаны азат ету ұйымының атқару комитетінің Рамалладағы отырысында сионистік режимнің әл-Ақса мешітін мұсылмандар мен еврейлер арасында бөлу жобасына ескерту жасап: "Сионистік режимнің мұсылмандар секілді еврейлердің де өз діни рәсімдерін әл-Ақса мешітінде орындай алуы үшін күш салып жатқанын көрсететін көптеген құжат бар",- деді.
Осыдан бұрын, нақты айтқанда 2017-ші жылдың қазан айында ЮНЕСКО әл-Ақса мешітінің мұсылмандарға тиесілі және еврейлерге ешқандай қатысы жоқ екенін жариялаған болатын.