Израиль Facebook пен Twitter-дегі барлық қолданушыларға тыңшылық жасайды
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i39062-Израиль_facebook_пен_twitter_дегі_барлық_қолданушыларға_тыңшылық_жасайды
WikiLeaks сайты екі минуттық видеоматериал жариялап, Израильдің Facebook пен Twitter әлеуметтік желілері қолданушыларының барлық әрекеттерін бақылап отыру үшін Тель-Авивте арнайы басқарма орталығын құрғанын хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 17, 2018 13:20 Asia/Almaty
  • Израиль Facebook пен Twitter-дегі барлық қолданушыларға тыңшылық жасайды

WikiLeaks сайты екі минуттық видеоматериал жариялап, Израильдің Facebook пен Twitter әлеуметтік желілері қолданушыларының барлық әрекеттерін бақылап отыру үшін Тель-Авивте арнайы басқарма орталығын құрғанын хабарлады.

Иранның Жас тілшілер клубы (YJC) ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, бұл орталық сионизмге қарсы көзқарастар және пікірлермен күресу үшін жасанды интеллектті пайдалану арқылы күн сайын әлеуметтік желі қолданушыларының жазбалары мен пікірлерін бақылап отырады.

WikiLeaks сайты сионистік режимге қарсы пікір айтылған жағдайда орталықтың сол қолданушының мекен-жайын анықтап, оған шара қолдану мақсатында Израиль режимінің мемлекеттік және қауіпсіздік басшыларына есеп беретінін әшкере етті.