Стамбұлда Хашагджидің мүрдесі табылды
Катардың Al-Jazeera ақпарат арнасы жексенбі күні таңертең Стамбұлдың бір ауданында Сауд режимін сынаған тілші, жазушы Джамал Хашагджидің мүрдесі табылғанын хабарлады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Al-Jazeera ақпарат арнасы Джамал Хашагджидің өлтірілер алдында Сауд Арабиясының Стамбұлдағы консулдығында азапталғанын хабарлады.
Reuters ақпарат агенттігі де екі түрік дереккөзіне сілтеме жасап: «Анкара Джамал Хашагджи Сауд Арабиясының Стамбұлдағы консулдығында өлтірілді деп санайды»,-деп жазды.
Түркияның жоғары шенді қызметкерлерінің бірі ел полициясының бастапқы сараптауының Джамал Хашагджидің Сауд Арабиясы консулдығында өлтіріліп, кейін мүрдесінің сыртқа шығарылғанын көрсететінін айтты.
Хашагджидің қалыңдығы Хадидже Арзу өткен сәрсенбі күні оның үйленуге қатысты істерді атқару үшін Стамбұл қаласындағы Сауд Арабиясының консулдығына барғанын айтты.