Сионистік режим ауыр техникасымен Хан әл-Ахмар ауылын қиратуы мүмкін
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i39428-Сионистік_режим_ауыр_техникасымен_Хан_әл_Ахмар_ауылын_қиратуы_мүмкін
Сионистік режим армиясының ауыр техникасы Хан әл-Ахмар ауылын қиратуды бастау мақсатында осы ауылды қоршауға алды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 15, 2018 17:56 Asia/Almaty
  • Сионистік режим ауыр техникасымен Хан әл-Ахмар ауылын қиратуы мүмкін

Сионистік режим армиясының ауыр техникасы Хан әл-Ахмар ауылын қиратуды бастау мақсатында осы ауылды қоршауға алды.

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, сионистік режим армиясының ауыр техникасы, соның ішінде бірнеше кран мен бульдозер дүйсенбі күні таңертең басып алынған Құдстың шығысындағы Хан әл-Ахмар ауылының маңына орналастырылды.

Мәлімет бойынша, сионистік режимнің осы ауыл тұрғындарына үйлерін босатуға берген мерзімі бірнеше күннен кейін аяқталады. Сондықтан халықаралық қауымдастықтың ауқымды қарсылығы мен наразылығына қарамастан, кез келген сәтте бұл ауыл қиратылуы мүмкін.

Осындай жағдайда Палестинаның исламдық қарсыласу топтары (ХАМАС) мен кейбір шетелдік тараптар сионистік режимге Хан әл-Ахмар ауылын қиратуға қатысты қатаң ескерту жасады.

Сионистік режимнің соты 2018 жылдың мамыр айында 200-ге жуық адамнан тұратын 35 палестиналық жанұяны Хан әл-Ахмар ауылындағы үйлерінен қууға үкім шығарды.