Йемендіктер дифтерия ауруынан көз жұмып жатыр
(last modified Mon, 22 Oct 2018 16:53:59 GMT )
Қаз 22, 2018 22:53 Asia/Almaty
  • Йемендіктер дифтерия ауруынан көз жұмып жатыр

Йеменнің Денсаулық сақтау министрі өткен бір жылдың ішінде 141 адамның дифтерия ауруынан көз жұмғанын, олардың көбінің балалар болғанын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің Al-Mayadeen арнасына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Йеменнің Денсаулық сақтау министрі жексенбі күні мәлімдеме жариялап, Йеменде дифтерия ауруына шалдыққан адамдар санының осы уақытқа дейін 2570 адамнан асқанын хабарлап, Йеменде тырысқақ және дифтерия ауруларының таралу себебін Сауд Арабиясы бастаған басқыншы коалицияның Йемен халқына қарсы жүргізіп отырған соғысы деп атаған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да осыдан бұрынғы мәлімдемесінде шамамен 16 млн йемендіктің медициналық көмекке мұқтаж екенін, тырысқақ ауруымен қоса, Йеменнің 22 облысының 15-інен дифтерия ауруына шалдыққан жүздеген адамның анықталғанын мәлім етті. Осы ауруға шалдыққан ондаған адам қайтыс болған.

 

Тегтер