Сионистер Ливан Хизболласының зымырандық күшінен қорқады
Сионистік режимнің бұрынғы генералы Ливан Хизболласын ұйымшыл топ деп атап, Хизболланың мыңдаған зымыранының өте жоғары дәлдікпен Израильдің кез келген аймағын нысанаға алу мүмкіндігіне алаңдаушылық білдірді.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, сионистік режим армиясының бұрынғы генералы Эйтан Дангут Ливан Хизболласын Израильдің қауіпсіздігі үшін шынайы қоқан-лоққы деп атады.
Сионистік режим армиясының ортақ штабы қолбасшысының бұрынғы орынбасары Узи Даян Ливан Хизболласының Бас хатшысы Сейед Хасан Насролланың Израильдің ішкі жағдайынан толық хабардар екендігіне тоқталып: "Бүгін Хизболла құрлықтан теңізге ататын зымырандарға ие. Хизболла соларды пайдаланып, қажет болса, сионистік режимнің газ кешендерін нысанға ала алады",- деді.
Бұдан бұрын "Атлантик" басылымы Хизболланың зымырандық әлеуеті туралы мәлімдемесінде: "Хизболла соңғы жылдары жоғары дәлдікке ие зымырандармен жабдықталды. Бұл топ зымырандарымен сионистік режимнің "темір күмбез" қорғанысын әсерсіз ете алады",- деді.
Сионистік режимнің барлау ұйымы Моссадтың бұрынғы орынбасары да: "Ливан Хизболласы GPS арқылы басқарылатын жүйелерге ие болды. Солар арқылы қарсыласу қозғалысының ауыр ракеталарын нақты дәлдікке ие зымырандарға айналдыруға болады",- деді.
Ливан Хизболласы 2000-шы жылы араға көп жыл салып, елдің оңтүстігін сионистік режимнің басқыншылығынан босатты.