Сионистік режим Сауд Арабиясына тыңшылық құралдарын сатып жатыр
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i39650-Сионистік_режим_Сауд_Арабиясына_тыңшылық_құралдарын_сатып_жатыр
Сионистік режимнің The Jerusalem Post газеті бір мақаласында Израильдің Сауд Арабиясына құны 250 миллион долларды құрайтын дамыған тыңшылық құрал-жабдықтарын сатқанын әшкереледі.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 29, 2018 13:56 Asia/Almaty
  • Сионистік режим Сауд Арабиясына тыңшылық құралдарын сатып жатыр

Сионистік режимнің The Jerusalem Post газеті бір мақаласында Израильдің Сауд Арабиясына құны 250 миллион долларды құрайтын дамыған тыңшылық құрал-жабдықтарын сатқанын әшкереледі.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Израильдің тыңшылық қару-жарақтары бірінші рет араб еліне сатылып жатыр.

The Jerusalem Post газеті: "Дамыған құрал-жабдықтарды сату Изралиь мен Сауд Арабиясы арасындағы алғашқы әріптестік емес. Бұл құрал-жабдықтарды пайдалану үшін Сауд Арабиясының техникалық топтары арнайы оқу курстарына да қатысты",- деп жазды.

БАӘ мен сионистік режим арасындағы қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтар артып келеді.

The New York Times газеті жуырда БАӘ-нің кейбір араб билеушілерінің, соның ішінде Катар әміршісі Тамим бин Хамд әл-Танидің ұялы телефонын тыңдау мақсатында сионистік режимнің тыңшылық бағдарламаларын қолданғаны туралы құпияны әшкере етті.