Сионистік режим Сауд Арабиясына тыңшылық құралдарын сатып жатыр
Сионистік режимнің The Jerusalem Post газеті бір мақаласында Израильдің Сауд Арабиясына құны 250 миллион долларды құрайтын дамыған тыңшылық құрал-жабдықтарын сатқанын әшкереледі.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Израильдің тыңшылық қару-жарақтары бірінші рет араб еліне сатылып жатыр.
The Jerusalem Post газеті: "Дамыған құрал-жабдықтарды сату Изралиь мен Сауд Арабиясы арасындағы алғашқы әріптестік емес. Бұл құрал-жабдықтарды пайдалану үшін Сауд Арабиясының техникалық топтары арнайы оқу курстарына да қатысты",- деп жазды.
БАӘ мен сионистік режим арасындағы қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтар артып келеді.
The New York Times газеті жуырда БАӘ-нің кейбір араб билеушілерінің, соның ішінде Катар әміршісі Тамим бин Хамд әл-Танидің ұялы телефонын тыңдау мақсатында сионистік режимнің тыңшылық бағдарламаларын қолданғаны туралы құпияны әшкере етті.