Сирияның Ракка қаласынан 1500 адамның мәйіті жерленген ұжымдық қабір табылды
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i39689-Сирияның_Ракка_қаласынан_1500_адамның_мәйіті_жерленген_ұжымдық_қабір_табылды
Дәрігерлер одағының басшысы Сирияның Ракка қаласынан америкалық коалицияның бомбалауларынан кейін 1500 адамның мәйіті жерленген ұжымдық қабірдің табылғанын хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 01, 2018 06:32 Asia/Almaty
  • Сирияның Ракка қаласынан 1500 адамның мәйіті жерленген  ұжымдық қабір табылды

Дәрігерлер одағының басшысы Сирияның Ракка қаласынан америкалық коалицияның бомбалауларынан кейін 1500 адамның мәйіті жерленген ұжымдық қабірдің табылғанын хабарлады.

Ракканың Дәрігерлер одағының басшысы Джамал әл-Эиса Сирияның «Әл-Ватан» газетіне берген сұхбатында: «Күн сайын Сирияның солтүстік-шығысындағы Ракка қаласында ДАИШ лаңкестік тобы мен АҚШ басқарған Батыстың заңсыз құрылған коалициясының қылмыстары көбірек әшкере болып жатыр.  Осы уақытқа дейін ұжымдық қабірлерден 4000 шәһидтің мәйіті табылды»,- деді.