Сирияның Ракка қаласынан 1500 адамның мәйіті жерленген ұжымдық қабір табылды
Қар 01, 2018 06:32 Asia/Almaty
Дәрігерлер одағының басшысы Сирияның Ракка қаласынан америкалық коалицияның бомбалауларынан кейін 1500 адамның мәйіті жерленген ұжымдық қабірдің табылғанын хабарлады.
Ракканың Дәрігерлер одағының басшысы Джамал әл-Эиса Сирияның «Әл-Ватан» газетіне берген сұхбатында: «Күн сайын Сирияның солтүстік-шығысындағы Ракка қаласында ДАИШ лаңкестік тобы мен АҚШ басқарған Батыстың заңсыз құрылған коалициясының қылмыстары көбірек әшкере болып жатыр. Осы уақытқа дейін ұжымдық қабірлерден 4000 шәһидтің мәйіті табылды»,- деді.
Тегтер