Палестиналық күрескерлер сионистік режим әскеріннің Газа секторына жасаған шабуылдарына жауап қайтарды
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i39868-Палестиналық_күрескерлер_сионистік_режим_әскеріннің_Газа_секторына_жасаған_шабуылдарына_жауап_қайтарды
Палестиналық күрескерлер сионистік режим әскерінің Газа секторына жасаған шабуылдарына жауап ретінде басып алынған Палестинадағы сионистер мекендейтін Эшколь қалашығын зымыранмен нысанаға алды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 12, 2018 12:45 Asia/Almaty

Палестиналық күрескерлер сионистік режим әскерінің Газа секторына жасаған шабуылдарына жауап ретінде басып алынған Палестинадағы сионистер мекендейтін Эшколь қалашығын зымыранмен нысанаға алды.

Al Mayadeen арнасының дүйсенбі күні таңертең хабарлауы бойынша, палестиналық күрескерлер сионистер мекендейтін Эшколь қаласы аймақтық кеңесінің ғимаратын зымыранмен нысанаға алып, көптеген шығын келтірген.

Al Mayadeen арнасы сонымен қатар Газа секторының айналасындағы сионистер мекендейтін қалашықтарда қауіп дабылының тағы қағылғанын хабарлады.

Сионистік режим әскерінің кеше Газа секторының оңтүстігіндегі аймақтарға жасаған әуе және құрлық шабуылдарының салдарынан 7 палестиналық шәһид болып, көптеген адам жараланды.

Палестина Исламдық қарсыласу қозғалысы (ХАМАС) да Газа секторының оңтүстігінде орналасқан Хан-Юнес қаласында өз күштерінің бір тобы сионистердің қолынан шәһид болып, жаралануына байланысты өз күштеріне жауынгерлік дайындықта болуға бұйрық берді.