Иран сионистік режимнің al-Aqsa телеарнасының ғимаратына жасаған шабуылын айыптады
(last modified Tue, 13 Nov 2018 16:53:05 GMT )
Қар 13, 2018 22:53 Asia/Almaty
  • Иран сионистік режимнің al-Aqsa телеарнасының ғимаратына жасаған шабуылын айыптады

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми Израиль режимі қырғи ұшақтарының Газа секторының орталығында орналасқан al-Aqsa телеарнасының ғимаратын бомбалауын қатаң айыптап:

"Қанқұмар сионистік режимнің ақпарат құралдарының даналығы, хабарландыруы мен ағартушылық істеріне қарсылығы мен олардың соңғы 70 жылда жасаған қорқынышты қылмыстарының әшкереленуі палестиналықтарға қарсы сұмдық қылмыстарын арсыз түрде жүзеге асырып жатқан осы басқыншы режимнің қорқынышты түстерінің бірі болған",- деді.

Палестина қарсыласу қозғалысына қарасты арналардың бірі саналатын al-Aqsa телеарнасының ғимараты дүйсенбі күні кешке Израиль қырғи ұшақтарының шабуылы салдарынан толығымен қиратылды.

Исламдық телерадио бірлестіктерінің одағы сионистік режимнің Газа секторындағы al-Aqsa жерсеріктік телеарнасының ғимаратына жасаған шабуылын айыптап: "Бұл қылмыстық және адамгершілікке жатпайтын әрекет сионистердің Палестина халқы мен оның БАҚ институттарына ашық түрдегі қарсылығының ауқымдылығы мен қатыгездігін көрсетіп отыр",- деді.

 

 

Тегтер