Израильдің Соғыс министрі отставкаға кетті
Сионистік режимнің Соғыс министрі Авигдор Либерман Газаның қарсыласу күштерімен қарсыласа алмай, өз міндетінен отставкаға кетті.
Либерман сионистік режимнің Газаға жасаған жуырдағы шабуылдарын тоқтатуын сынаған көрінеді. Бірақ, Палестина халқы мен қарсыласу күштерінің батыл күресі бұл режимді атысты тоқтату бітімін қабылдауға мәжбүрледі.
Сионистік режим теледидарының 10-шы арнасы сионистік режимнің премьер-министрі Бениямин Нетаньяхудің Либерманның отставкаға кетуімен сионистік режимнің Кнессетін таратып, алдағы айларда жаңа сайлау өткізетінін айтқанын хабарлады.
Сионистік режимнің 20-шы арнасы да Либерманның отставкаға кетуін Палестинаның исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС-тың үлкен жетістігі деп бағалады.