Нетаньяхудың кабинеті таратылды
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i39956-Нетаньяхудың_кабинеті_таратылды
Сионистік режим жуырдағы қақтығыстарда Палестина қарсыласу қозғалысынан жеңіліс тапқанына байланысты осы режимнің Соғыс министрі Авигдор Либерман отставкаға кеткен соң Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың коалициялық кабинеті басым дауыстан кенде қалды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 18, 2018 08:10 Asia/Almaty
  • Нетаньяхудың кабинеті таратылды

Сионистік режим жуырдағы қақтығыстарда Палестина қарсыласу қозғалысынан жеңіліс тапқанына байланысты осы режимнің Соғыс министрі Авигдор Либерман отставкаға кеткен соң Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың коалициялық кабинеті басым дауыстан кенде қалды.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Израильдің Білім министрі басқаратын «Еврей үйі» партиясы Беньямин Нетаньяхудың коалициясынан шыққаннан кейін Израиль кабинеті ресми түрде ыдырап, басып алынған жерлерде мезгілінен бұрын парламенттік сайлау өтуі тиіс.

Газа секторы мен сионистік режим арасындағы қақтығыстың жаңа кезеңі Израильдің арнайы операциялар бірлігі өткен жексенбі күні кешке Газа секторының шығысындағы Хан Юнеске жасырын кіріп, ХАМАС-тың әскери тармағының 7 мүшесін, соның ішінде Азеддин әл-Қисам батальондары қолбасшыларының бірі Нұрмұхаммед Беркені өлтіргеннен кейін басталды. Бұл шабуылда Израиль армиясының жоғары шенді офицері қаза тауып, бір офицер жараланды.

Жуырдағы қақтығыстың ерекшеліктерінің бірі қарсыласу топтарының Газада зымырандық қуатын көрсетуі болды.

Сионистік режимнің армиясы сейсенбі күні Газадан 460 зымыранның басып алынған жерлерге атылғанын хабарлады.

Қарсыласу қозғалысының зымыранмен қатаң жауап беруі сионистік режимнің Мысырдан атысты тоқтату бітімін орнатуды сұрауына себеп болды. Атысты тоқтату бітімі сейсенбі күні кешке орнады.