Сионистер Израиль армиясының өткен 50 жылда сәтсіздікке ұшырағанын мойындады
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i39997-Сионистер_Израиль_армиясының_өткен_50_жылда_сәтсіздікке_ұшырағанын_мойындады
Сионистік Haaretz газеті мәлімдемесінде Израиль армиясының әрдайым соғысқұмар саясат жүргізгенімен өткен 50 жылда соғыстардың тағдырын өзгертуге қажет күш-қуаттан кенде болғанын мойындады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 20, 2018 12:57 Asia/Almaty
  • Сионистер Израиль армиясының өткен 50 жылда сәтсіздікке ұшырағанын мойындады

Сионистік Haaretz газеті мәлімдемесінде Израиль армиясының әрдайым соғысқұмар саясат жүргізгенімен өткен 50 жылда соғыстардың тағдырын өзгертуге қажет күш-қуаттан кенде болғанын мойындады.

«Құдс» ақпарат арнасының араб тіліндегі «21» арнасына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, израильдік жазушы Ругель Альфер Haaretz газетінде сионистік режимнің соғысқұмар саясатты қолдаушы басшыларын, соның ішінде Соғыс министрі Авигдор Либерманды надан деп атап: «Палестинаның Қарсыласу қозғалысы ХАМАС-тың бағынбайтын рухына байланысты үш соғыс Израиль армиясының қарсыласу шебі алдында сәтсіздікке ұшырағанын көрсетті»,- деп жазды.  Ол Ливанға қарсы бірінші және екінші соғыс пен Газаға қарсы әрекеттерде израильдік әскерилердің көбінің өлгеніне тоқталып: «Израиль басшылары қарсыласу күштері алдындағы өз жағдайларын қисынды сараптай алмай өмір сүріп жатыр»,- деді.

Сионистік режимнің отставкаға кеткен Соғыс министрі Авигдор Либерман елінің 12-ші арнасына берген сұхбатында ешкімнің әскери күшке сүйеніп, Газа секторындағы ХАМАС қозғалысын құлата алмайтынын мойындады.