Бүгін – Палестинаның мазлұм халқына тілеулестік білдіретін халықаралық күн
Əлемнің əртүрлі елдерінде жыл сайын 29 қарашада Дүниежүзілік Палестинаның жапа шеккен халқына тілеулестік білдіру күніне орай іс-шаралар өткізіледі.
Бұл күні бейбітшілік пен азаттық сүйгіш адамдар азаттық пен тəуелсіздік үшін күресіп, құқықтарына жету жолында Палестина халқының жанында екендіктерін мәлімдеп, сионистік режим мен олардың демеушілеріне наразылықтарын білдіреді.
БҰҰ-ның Бас ассамблеясы 1947 жылдың 29 қарашасында Палестинаның əділетсіз түрде бөлшектенуіне соқтырған 181-ші қарарын бекітті. Осы қарар бойынша Палестина екіге бөлінді. БҰҰ-ның Бас ассамблеясы оның бір бөлігінде еврей үкіметін құруды, басқа бөлігінде Палестина елі мен үкіметін құруды жоспарлады.
Қарардың əділетсіз болғаны соншалықты, БҰҰ Бас ассамблеясы 1977 жылдың 29 қарашасын "Палестинаның жапа шеккен халқына тілеулестік білдіретін халықаралық күн" деп атауға мəжбүр болды.