Алпауыт елдер лаңкестікті қалыптастыру арқылы Азияның экономикалық дамуына кедергі жасап отыр
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Лариджани алпауыт мемлекеттер мен сионистік режимнің аймақта дағдарыс тудырып, лаңкестік қалыптастыру арқылы Азияның экономикалық дамуына кедергі жасап отырғанын айтты.
Khaneh Mellat (ICANA) ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Әли Лариджани бейсенбі күні Түркияның Стамбұл қаласында басталған Азия парламенттері ассамблеясының 11-ші отырысында сөйлеген сөзінде: "Қырғи қабақ соғыс аяқталғаннан соң АҚШ санкция мен экономикалық құралдарды пайдалану механизмін іске қосты. Бүгін Ирак, Ауғанстан, Сирия, Ливия мен Йемендегі көптеген соғысқұмар әрекеттерден кейін Азия елдерінің басым бөлігі санкциялық толқынға немесе ақылға қонбайтын тарифтерді бекіту арқылы жасалып жатқан экономикалық қысымға ұшыраған.
Қазір азиялық кейбір мемлекеттер ішкі саяси қиындықтарға байланысты АҚШ-тың алдауына түсіп, Вашингтонның боспалауына жол берген. Дәл осы жағдай АҚШ-тың күн өткен сайын арсызданып, зорлық-зомбылық көрсетуіне себеп болып отыр.
Азияның тәуелсіз болмысын сақтап қалу үшін экономикалық, саяси және қауіпсіздік саласындағы байланыстарды кеңейту қажет",- деді.