Джахангири: Иран өз зымырандарының ұшу ұзақтығын белгілеуде ешкімнен рұқсат сұрамайды
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i40264-Джахангири_Иран_өз_зымырандарының_ұшу_ұзақтығын_белгілеуде_ешкімнен_рұқсат_сұрамайды
ИИР Вице-президенті Иранның өз халқын қорғау үшін зымыран жасауға кіріскенін және өз зымырандарының ұшу ұзақтығын белгілеуде ешкімнен рұқсат сұрамайтынын айтты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 07, 2018 13:29 Asia/Almaty
  • Джахангири: Иран өз зымырандарының ұшу ұзақтығын белгілеуде ешкімнен рұқсат сұрамайды

ИИР Вице-президенті Иранның өз халқын қорғау үшін зымыран жасауға кіріскенін және өз зымырандарының ұшу ұзақтығын белгілеуде ешкімнен рұқсат сұрамайтынын айтты.

ИИР Вице-президенті Исхақ Джахангири бейсенбі күні Жапонияның «Киодо» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Иран зымырандарының қорғаныс және тежегіш сипатта екенін, Иранның кез келген қоқан-лоққыға төтеп беріп, өзінің қорғаныс қажеттілігіне сәйкес зымыран жасайтынын қуаттады.

ИИР Вице-президенті әлем елдерінің АҚШ-тың саясаттары алдында табандылық танытуының маңыздылығын баса айтып,  барлық елдердің, соның ішінде Жапония үкіметінің АҚШ-тың біржақтылығына тосқауыл қойып, әлемде өздерінің тәуелсіздігін сақтап қалу үшін барлық күш-қуаттарын пайдаланатындығына үміт білдірді.

Джахангири АҚШ-тың Иран мұнайы сатылымын нөлге жеткізе алмағанын, тіпті басты экономикалық серіктестер Ираннан мұнай сатып алуды азайтқан күннің өзінде Теһранның мұнай сатудың жаңа жолдарына ие екенін айтты.