Басып алынған жерлерде 2 млн нан астам кедей бар
«Latet» сионистік институты сенбі күні басып алынған жерлерде 2 млн нан астам адамның кедейшілікте өмір сүріп жатқанын хабарлады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, «Latet» сионистік институтының статистикалық мәліметтері көрсеткендей басып алынған жерлердің тұрғындарының төрттен біріне жуығы экономикалық қиындықтарға ұшырап отырғандықтан оларды кедейшілік деңгейінен төмен тұрады деп сипаттауға болады.
«Latet» сионистік институтының статистикалық мәліметтеріне сәйкес, израильдік балалардың төртен біріне жуығы әл‑ауқат қызметтерін қажет етеді, балалардың үштен бірі экономикалық қиындықтарға байланысты бір мезгіл тамақтан бас тартуға мәжбүр.
Сонымен қатар, статистикалық мәліметтер көрсеткендей, басып алынған жерлерде тұратын егде адамдардың жағдайы да мәз емес, мысалы, олардың 92 пайызының зейнетақысы тұрмыстық шығындарына жетпейді.