Иран аймақта ғылым саласында бірінші орында
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i40524-Иран_аймақта_ғылым_саласында_бірінші_орында
Иранның Денсаулық министрінің орынбасары ИИР-ның аймақта ғылым өндірісі саласында бірінші орынға ие екенін мәлімдеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 24, 2018 06:01 Asia/Almaty
  • Иран аймақта ғылым саласында бірінші орында

Иранның Денсаулық министрінің орынбасары ИИР-ның аймақта ғылым өндірісі саласында бірінші орынға ие екенін мәлімдеді.

Иранның Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Реза Малекзаде Абурайхан Бируни атындағы 19-шы зерттеу фестивалінде ғылыми мақалалар саласында Иранның 15-ші орында орналасқанына тоқталып: «Бүгінде Иранның 29 университеті Таймс ұйымының рейтингіне кіреді. Бұрын бұл рейтінгке тек бір ғана университет кіретін»,- деді.

Малекзаде сондай-ақ, Ирандағы денсаулық сақтау жағдайы туралы: «ИИР әлемнің орташа елдерінің көбінен жоғары. Ирандағы  іргелі ғылым саласындағы 3500 компанияның шамамен 1100 денсаулық сақтау саласында жұмыс жасайды»,- деді.