Түркия мен сионистік режим арасындағы айтыс шиеленісе түсті
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған: "Бала өлтіруші сионистік режим адамзат баласына қарсы жасаған қылмыстары және бүлдіргі әрекеттері үшін жазаланғанға дейін біреуді қылмыс жасады деп айыптауға хақы жоқ",- деді.
Tasnim ақпарат агенттігінің жексенбі күнгі хабарлауы бойынша, Режеп Тайып Ердоған Нетаньяхудың сенбі күні Ердоғанды Солтүстік Кипрды басып алушы, ал оның әскерінің Түркияның іші мен сыртындағы күрдтер мекендейтін ауылдарда әйелдер мен балаларды жаппай қырып жатыр деп айтқан сөзіне наразылық білдіріп, Израильдің басқаларға ахлақ бойынша кеңес бере алмайтынын айтты.
Сонымен қатар, Түркия СІМ Мевлют Чавушоглу Израиль премьер-министрінің жуырда айтқан сөзн сынап, оны қазіргі заманның салқын қанды адам өлтірушісі деп атады.
Чавушоглу Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында: "Түркия Палестинаның мазлұм халқын қолдауды ешқашан доғармайды",- деп жазды.