Сионистік режимнің әскери ұшақтары Дамаскке шабуыл жасады
Сириялық ақпарат құралдары сейсенбі күні кешке сионистік режимнің әскери ұшақтарының ел астанасы Дамаскке шабуыл жасағанын хабарлады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Сирия армиясы сионистік режим әскери ұшақтарының шабуылына қарсы тұрды. Сириялық ақпарат құралдары елдің әуе қорғаныс жүйесінің сионистік әскери ұшақтардың барлық зымыранын анықтап, жарып жібергенін хабарлады. Жергілікті дерек көздері де шабуылдың сәтсіздікке ұшырағанын мәлімдеді.
Сириялық ақпарат құралдарының мәліметі бойынша, сионистердің зымырандары Дамасктің батысындағы Құдсия және Сабуре аймақтарындағы әскери орталықтарды нысанаға алған.
Сирияның "Сана" ақпарат агенттігі израильдік дұшпанның шабуылды Ливанның әуе кеңістігінен жасағанын хабарлады.
Израиль Сириядағы лаңкестердің сәтсіздігіне алаңдап отыр.