Бүгін шейх Нимр Бақер әл-Нимрдің шәһид болған күні
Қаң 02, 2019 10:16 Asia/Almaty
Бүгін, сәрсенбі 2019-шы жылдың қаңтар айының екісі – Сауд Арабиясының күрескері, діни қызметкер шейх Нимр Бақер әл-Нимрдің шәһид болған күні.
Сауд Арабиясының күрескер діни қызметкері шейх Нимр Бақер әл-Нимрді 2012-ші жылдың қаңтар айында Сауд режимі қамауға алып, 2015-ші жылдың қазан айында елдің Соты «Ұлттық қауіпсіздікке қарсы әрекет жасады» деген айып тағып, шейхті қылышпен өлтіріп, айқышқа керіп, шегелеуге шешім қабылдады.
2016-шы жылдың қаңтар айының екісі күні «Сауд режимін сынады» деген айыппен шейх Нимр Бақер әл-Нимрге өлім жазасы іске асырылды. Сауд режимінің бұл әрекетінен кейін әртүрлі елдердің мұсылмандары Сауд Арабиясының қылмысын айыптады.