Иран СІМ мен Ирак премьер-министрі қарым-қатынастарын арттыруға мүдделік танытты
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i40846-Иран_СІМ_мен_Ирак_премьер_министрі_қарым_қатынастарын_арттыруға_мүдделік_танытты
Иран СІМ мен Ирак премьер-министрі екі ел арасындағы саяси-экономикалық қарым-қатынастарды арттыру қажеттігін қуаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 14, 2019 08:55 Asia/Almaty
  • Иран СІМ мен Ирак премьер-министрі қарым-қатынастарын арттыруға мүдделік танытты

Иран СІМ мен Ирак премьер-министрі екі ел арасындағы саяси-экономикалық қарым-қатынастарды арттыру қажеттігін қуаттады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф пен Адел Абдулмаһди жексенбі күні кешке Бағдадтағы кездесуде екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы, екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың негіздері мен аймақтық және халықаралық өзгерістер жайлы сұхбаттасты.

Ирак премьер-министрі Адел Абдулмаһди Иран мен Ирак арасындағы мәдени және тарихи ортақтастықтарға сілтеме жасап, екі ел арасындағы қатынастарды дамыту қажеттігін қуаттап, өз елінің көршілес елдермен, әсіресе Иран Ислам Республикасымен қарым-қатынастарды дамытуға мүдделік танытатынын айтты.

Иран СІМ де Иракқа жасаған сапарына ризалық білдіріп, Ирак үкіметінің аймақ пен ИИР мәселелеріне қатысты оң ұстанымдары үшін алғыс білдірді.