Иран мен Ирактың Күрдістан аймағы арасында экономикалық байланыс артып келеді
Иран СІМ Иран мен Ирактың Күрдістан аймағы арасындағы экономикалық байланыстардың артып келе жатқанын хабарлады.
Мұхаммад Джавад Зариф Ирактың Күрдістан аймағының премьер-министрі Нечирван Барзанимен Эрбиль қаласында кездесуінде: "Теһранның Бағдад қаласы мен Ирактың Күрдістан аймағымен қарым-қатынасы ертеден келе жатқан мықты әрі сындарлы сипатқа ие. Екіжақты сауда-экономикалық сала бойынша қатынастар дамып келеді",- деді.
Ирактың Күрдістан аймағының премьер-министрі Нечирван Барзани Теһранмен әртүрлі салалар бойынша, соның ішінде сауда-экономикалық сала бойынша қарым-қатынас деңгейін арттыруды Ирактың Күрдістан аймағы саясаттарының бір бөлігі деп атады.
Барзани ДАИШ лаңкестері аймаққа шабуыл жасаған кезде Ирактың Күрдістан аймағына Иранның қолдау көрсеткеніне тоқталып, Ирактың Күрдістан аймағының тұрғындарының бұл қолдау мен көмекті ешқашан ұмытпайтынын мәәлімдеді.
Зариф пен Барзани, сондай-ақ, аймақта толық бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қайта жандандырудың маңыздылығын қуаттады.
Ирактың Күрдістан аймағына сапармен барған Иран СІМ бүгін сейсенбі күні Ирактың Күрдістан аймағы Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Масрур Барзанимен кездесіп, сұхбаттасты.