Сейіт Хасан Насролла: Израиль Сирияда қатты жеңілді
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i41040-Сейіт_Хасан_Насролла_Израиль_Сирияда_қатты_жеңілді
Ливан Хезболласының бас хатшысы сенбі күні кешке Al-Mayadeen телеарнасына берген сұхбатында қарсыласу өзегінің Сириядағы жуырдағы жеңістеріне тоқталып, Израильдің Сирияда қатты жеңілгенін айтты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 27, 2019 10:55 Asia/Almaty

Ливан Хезболласының бас хатшысы сенбі күні кешке Al-Mayadeen телеарнасына берген сұхбатында қарсыласу өзегінің Сириядағы жуырдағы жеңістеріне тоқталып, Израильдің Сирияда қатты жеңілгенін айтты.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сейіт Хасан Насролла Сирияның 8 жылдық дағдарыстан кейінгі қазір жағдайын өте жақсы деп бағалады.

Сейіт Хасан Насролла Ливан Хезболласының болашақта кез келген соғысқа дайын болу үшін  нысанаға дөп тиетін жеткілікті көлемдегі зымырандарға ие болатынын, Ливан қарсыласу өзегінің Израильдің кез келген басқыншылығына немесе Ливан Хезболласы мүшелеріне, тіпті Сирияға қарсы лаңкестік әрекеттеріне айбынмен тойтарыс бере алатынын мәлімдеді.

Ливан Хезболласының бас хатшысы Палестина мәселесі мен АҚШ-тың «Ғасыр мәмілесі» жобасына тоқталып, ешбір палестиналық топтың бұл жобаға келіспейтінін баса айтты.

Сейіт Хасан Насролла АҚШ-тың Иранға қарсы біржақты санкцияларына тоқталып: «АҚШ пен әлемнің барлық диктаторларының ИИР-мен қарсыласып жатқанына 40 жыл болды, бірақ ештеңе істей алмады»,-деді.