Ваххабиттер Сауд Арабиясында бір шиіт баланы өлтірді
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i41204-Ваххабиттер_Сауд_Арабиясында_бір_шиіт_баланы_өлтірді
Шешесімен бірге ән-Нәби мешітін зиярат ету үшін Мәдинеге бара жатқан саударабиялық шиіт бала қатігездікпен өлтірілді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 09, 2019 12:41 Asia/Almaty
  • Ваххабиттер Сауд Арабиясында бір шиіт баланы өлтірді

Шешесімен бірге ән-Нәби мешітін зиярат ету үшін Мәдинеге бара жатқан саударабиялық шиіт бала қатігездікпен өлтірілді.

Шешесімен бірге Сауд Арабиясының шығысындағы әл‑Ахса ауданынан ән‑Нәби мешітін зиярат ету үшін Мәдинеге бара жатқан жеті жастағы саударабиялық шиіт бала Закария Бадр Әли әл‑Джабер Хал әт‑Талал ауданында белгісіз ваххабит адамдардың шабуылына ұшырады. Шабуылдаушылардың біреуі дүкеннің терезесін сындырып, шешесінің көзінше баланы бауыздап өлтірді.

Әлгі адам осы қылмыстан кейін қамауға алынып, түрмеге жіберілді.

Сауд Арабиясының шығысындағы әл‑Ахса ауданының шиіттері маңызды орталықтарда болу құқығынан айырылған. Олар кедейшілік пен мұқтаждықта өмір сүреді.