Зарифтің Ливан сапары – екіжақты және аймақтық қарым қатынасты нығайту жолындағы қадам
ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф жексенбі күні кешке Ливан басшыларымен кездесіп, сұхбаттасу үшін ирандық делегацияны бастап Бейрутке барады.
Бұл Ливанда Саад Харири бастаған Министрлер кабинеті құрылғаннан кейінгі Зарифтің алғашқы сапары. Ливанның жаңа Үкіметі саяси топтардың 9 айға жуық кеңесінен кейін 31 қаңтарда Саад Хариридің басшылығымен құрылды.
ИИР саясаты аймақ елдерінің барлығымен тең қарым‑қатынасты нығайту болып табылады. Сондықтан қазіргі жағдайда Ливанда жаңа Үкімет құрылғаннан кейін кездесу өткізіп, аймақтағы өзгерістер жайлы сұхбаттасу аса маңызды болмақ. Ливан мен қарсыласу қозғалысы сионистік режимнің алдынан мықты бөгет құрды. Сол себепті Иран мен Ливанның ортақ дұшпандары бар.
ИИР Сыртқы қатынас стратегиялық кеңесінің басшысы Камал Харрази Иранның Ливан Хезболласын қолдайтынын мәлімдеп: «Иран Хезболланы қолдайды, өйткені ол басқыншылармен күреседі. Осы күрес сионистік режимнің Ливаннан шығарылуына себеп болды»,‑деді.
Сионистік режим мен тәкфирлік топтар Сирия мен Ливанға ғана емес, аймақ пен әлемнің барлық елдеріне қауіп төндіріп отыр. Израиль кемінде 200 ядролық оқтұмсыққа ие болып отырғандықтан аймақ үшін шынайы қатер саналады. Израильдің қоқан‑лоққыларының басым бөлігі қарсыласу өзегінің орталығы саналатын Ливанға бағытталған. Ливан халқы ауыр жағдайда ішкі дағдарыстар мен Израильдің қоқан‑лоққыларынан жеңіспен шыға алатынын және барлық топтарға, партиялар мен мазхабтарға елді дамытып, қауіпсіздігі мен тұрақтылығын сақтау жолында әрекет етуге көмектесетінін көрсетті. Бүгінде Ливан халқы ұлттық бірлік пен саяси тұтастықтың арқасында елдің болашағын өз қолдарында ұстай алатын нәтижеге жетті. Бұл көрсеткіштер ИИР үшін өте маңызды. Сол себепті аймақта болып жатқан маңызды өзгерістерді назарға алғанда Иран Сыртқы істер министрінің Ливан сапарының айрықша маңызға ие екені анық. Саяси бақылаушылардың пікірінше, бұл сапардың ең маңызды мақсаты – АҚШ пен Израильдің аймаққа жік салу саясатына жауап беру.
Осы шындықтарды ескере отырып, Иран Сыртқы істер министрінің Ливан сапарын бірнеше қырдан маңызды шара деп айтуға болады: Иран ғылыми‑техникалық салалар мен абадтандыру жобаларын орындауда мол тәжірибеге ие. Соның барлығымен аймақ елдерімен, соның ішінде Ливанмен бөлісе алады. Зариф пен ирандық делегацияның Ливандағы кездесулері мен келіссөздері екі елдің саяси-экономикалық салалардағы қарым‑қатынасының нығаюы мен аймақ мәселелері бойынша ортақ әріптестіктің дамуына септігін тигізері анық.