ИЫҰ сионистердің әл-Ақса мешітіне шабуылдарының салдары жайлы ескертті
Ислам ынтымақтастық ұйымы мәлімдеме жасап, сионист басқыншылардың әл-Ақса мешітіне шабуылдап, палестиналық намазхандарды басып-жаншуының қатерлі салдары жайлы ескертті.
ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ислам ынтымақтастық ұйымы сәрсенбі күнгі мәлімдемесінде Израильді әл-Ақса мешітіне шабуылдауды жалғастырудың салдарына жауапты деп атап: «Бұл басқыншылықтар аймақта діни соғыс, қатігездік пен тұрақсыздықтың өршуіне соқтырады»,-деп мәлімдеді.
Ислам ынтымақтастық ұйымы сионистік режим әскерилерінің әл-Ақса мешітіне шабуылдап, палестиналық намазхандарды айуандықпен басып-жаншып, Баб-әл-Рахме есігін жабуын айыптап: «Бұл шабуылдар Ислам үмбетін арандатып, халықаралық қарарлар мен жарғыларды ашық түрде бұзу болып табылады»,-деді.
Бұл ұйым, сондай-ақ, әл-Ақса мешітінің мұсылмандардың ерекше ғибадат орны екенін қуаттады.