Түркияда Гүлен ісіне қатысты жарты миллионнан астам адам қамауға алынды
Нау 11, 2019 18:37 Asia/Almaty
Түркияның Ішкі істер министрі Сулейман Сойлу 2016 жылдың шілде айындағы нәтижеге жетпеген көтерілістің негізгі айыпталушысы Фатхолла Гүлен тобына қатысты қамауға алынғандар санының 511000 адамға жеткенін хабарлады.
"Milliyet" газетінің мәліметі бойынша, Сулейман Сойлу жексенбі күнгі баспасөз отырысында: "Гүлен тобымен байланысты қамауға алынған 511000 айыпталушының 31000 әлі азат етілген жоқ. Ішкі істер министрлігі мен полиция күштерінен 39 адам Гулен тобына қатысты болғандары үшін айыпталып, қызметтерінен босатылды",- деді.