Рухани ирактық партиялардың өкілдерімен кездесуінде лаңкестікпен күресу керектігін баса айтты
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i41507-Рухани_ирактық_партиялардың_өкілдерімен_кездесуінде_лаңкестікпен_күресу_керектігін_баса_айтты
ИИР Президенті Ирактың саяси өкілдерімен кездесуінде аймақта толық қауіпсіздік пен тұрақтылық орнатып, лаңкестіктің тамырын жою үшін ұзақ жолды өту керек екенін мәлімдеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 12, 2019 12:24 Asia/Almaty
  • Рухани ирактық партиялардың өкілдерімен кездесуінде лаңкестікпен күресу керектігін баса айтты

ИИР Президенті Ирактың саяси өкілдерімен кездесуінде аймақта толық қауіпсіздік пен тұрақтылық орнатып, лаңкестіктің тамырын жою үшін ұзақ жолды өту керек екенін мәлімдеді.

 

Хасан Рухани  Ирактың саяси патиялары және топтары өкілдерімен кездесуінде: «Ирак лаңкестікке қарсы күресінде маңызды жетістіктерге жеткенімен бұл күрес аяқталмады. Сондықтан Иран лаңкестікті толық жою жолында Иракты қолдайды»,- деп қосты. Рухани Ирак халқы мен армиясының лаңкестерге қарсы табандылығын мадақтап: «Кейбір мемлекеттер Ирак халқы ДАИШ лаңкестерінен сәтсіздікке ұшырайды деп ойлаған жағдайда, Иран халқы Ирак халқының қасында болып, бірігіп, лаңкестерге соққы бере алды»,- деп баса айтты. Бұл кезедсуде Ирактың саяси топтары мен партияларының өкілдері бір ауыздан Иранға қарсы залым әрі заңсыз санкцияларды қабылдауға болмайды деп тауып, Иран халқымен санкцияларға бірге тұратындарын жариялады.