Суданда әскери төңкеріс болды
Сәу 11, 2019 15:27 Asia/Almaty
Суданда әскери төңкеріс болды деген хабар таралып жатыр.
Al-Mayadeen арнасы бүгін, бейсенбі күнгі шұғыл хабарында Судан армиясының ел Президенті Омар әл-Башир мен орынбасарын орындарынан алып, билікті өз қолдарына алуға шешім қабылдағанын хабарлады.
Куәгерлердің айтуынша, Суданның астанасы Хартум көшелерінде жедел қимыл күштері көптеп орналастырылған.