Насролла: АҚШ – лаңкес мемлекет
(last modified Thu, 11 Apr 2019 09:43:02 GMT )
Сәу 11, 2019 15:43 Asia/Almaty

Ливан Хезболласының бас хатшысы Сейіт Хасан Насролла АҚШ-тың Ислам революциясы Сақшылар корпусын лаңкес деп жариялағанын айыптап: "АҚШ-тың өзі лаңкес мемлекет. Ол Батыс Азия аймағының көптеген елдерінде ондаған мың адамды жаппай қырып, лаңкестерге тұрақты қолдау көрсетіп отыр",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сейіт Хасан Насролла сәрсенбі күні хазірет Абулфазл әл-Аббастың туған күні мен Ардагер күніне орай сөйлеген сөзінде Ислам революциясы Сақшылар корпусының аймақта ықпалды да шешуші орынға ие екенін айтып: "АҚШ Сақшылар корпусын нысанаға алуға күш салып жатыр. Бұл – лаңкестікті қолдайтын осы елдің үмітсіздігі мен жеңілісінің белгісі.

АҚШ сионистік режимнің мүдделеріне бола, бүкіл ислам үмбетінің құқықтарына немқұрайлық танытып, барлық жеңілдікті осы режимнің ықтиярына беріп отыр. Алайда оған керісінше жерді, құндылықтар мен абыройды қорғайтындарды лаңкес деп атады.

Қарсыласу өзегі лаңкестерді демеушілерге жауап беру үшін қажет құралдарға ие. Олар қарсыласу қозғалысына қоқан-лоққы жасайтын адамдарға жауап беруді өздерінің міндеті әрі табиғи құқығы санайды",-деді.

 

Тегтер