Суданның өтпелі әскери кеңесінің басшысы отставкаға кетті
(last modified Sat, 13 Apr 2019 13:10:33 GMT )
Сәу 13, 2019 19:10 Asia/Almaty
  • Суданның өтпелі әскери кеңесінің басшысы отставкаға кетті

Суданның өтпелі әскери кеңесінің басшысы Аваз бен Ауф жұма күні кешке жасаған мәлімдемеде кеңестің басшылығынан бас тартты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Аваз бен Ауф, сондай-ақ, осы кеңесте өзінің орынбасары болған Судан армиясы штабының басшысы Камал Абдулмаруфтың өз лауазымынан отставкаға кеткенін хабарлап, Судан Қарулы күштерінің осы елдің қауіпсіздік құрылымын сақтауды мақсат ететінін айтты.   

Суданның өтпелі әскери кеңесінің отставкаға кеткен басшысы, сондай-ақ, осы ел армиясының бас тергеушісі Абдулфаттах әл-Барханның осы кеңестің басшылығына тағайындалатынын мәлімдеді.

Судан халқы жұма күні кешке Хартум қаласында ел армиясы штабы кеңсесінің алдына жиналып, Суданның өтпелі әскери кеңесінің шешімдері мен шараларына қарсылық білдірді.  

 

Тегтер