ДАИШ – Сауд Арабиясы мен вахабизмнің туындысы
Ливан Хизболласының Бас хатшысы Сейед Хасан Насролла ДАИШ-ты Сауд Арабиясы мен вахабизмнің туындысы деп атап: "Лаңкестік топтар өз ой-пікірлерін саудиялық діни ұйымдардан алып, халықтарды қырып-жоюмен айналысады",- деді.
Сейед Хасан Насролла Бейруттың оңтүстігіндегі Бейр Хасан аймағында имам Мәһдидің (ғ.с.) жақтастары жамағаты мүшелерінің алдында бейнеконференция арқылы сөз сөйлеп, Ираннан мұнай сатып алатын кейбір елдерге берілген жеңілдіктердің уақытының созылмауына тоқталып: "Әлем халықтары АҚШ-тың Иран мен басқаларға қарсы саясаттарын қолдамайды, сондықтан АҚШ-тың бұл шешімдерімен қарсыласу керек. АҚШ – лаңкестіктің қолдаушысы. Бұл ел мыңдаған адамды қырып-жойды. АҚШ лаңкестікпен күресетіні туралы уәж айтқанымен, Құдс пен Голан жоталарын Израильге берді",- деді.