Иран СІМ Трамптың Сауд Арабиясында 37 адамның өлтірілуіне қатысты үнсіздігін сынады
Иран Сыртқы істер министрі Сауд Арабиясында 37 адамның өлтірілуіне реакция білдіріп, АҚШ-тың саудиялық қылмыстарға қатысты үнсіздігін сынады.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні Твиттердегі парақшасында: «Тілшіні бөлшектеуіне әлемдік қауымдастық аса мән бермеген соң, Сауд Арабиясы бір күнде 37 адамның басын шапты. Оған қатысты Трамп үкіметінің ешбір дыбысы естілген жоқ. Болтонның командасының мүшесі болу Бен Салман мен Бен Зайд пен Бениямин Нетаньяхуге кез келген қылмысты жасауға рұқсат береді»,- деп жазды.
Сауд Арабиясның Ішкі істер министрлігі сейсенбі күні лаңкестік және лаңкестермен байланыста деп айыпталған 37 азаматына өлім жазасы асырылғанын хабарлады.