ДАИШ басшысы Абубакр әл-Бағдади сөз сөйледі
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i41972-ДАИШ_басшысы_Абубакр_әл_Бағдади_сөз_сөйледі
Көптеген ақпарат құралдары оның өлгенін хабарлаған жағдайда ДАИШ лаңкестік тобының басшысы Абубакр әл-Бағдади кеше, дүйсенбі күні 2014 жылдан кейін бірінші рет бейнежазба арқылы сөз сөйледі.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 30, 2019 11:55 Asia/Almaty
  • ДАИШ басшысы Абубакр әл-Бағдади сөз сөйледі

Көптеген ақпарат құралдары оның өлгенін хабарлаған жағдайда ДАИШ лаңкестік тобының басшысы Абубакр әл-Бағдади кеше, дүйсенбі күні 2014 жылдан кейін бірінші рет бейнежазба арқылы сөз сөйледі.

 

AlHadath телеарнасының мәліметі бойынша беттерін жапқан ДАИШ лаңкестерінің қасында тұрған ақ сақалды әл-Бағдади: «Сирияның шығысындағы «Әл-Бағур» қақтығысы аяқталды. Бірақ біз дұшпанға қарсы рақымсыз соғысты жалғастырамыз»,- деді.

Бұл бейнежазбаның түсірілген күні белгісіз болғанымен, әл-Бағдади әл-Бағур қақтығысының аяқталып, ДАИШ лаңкестерінің қалашықтан қуылғанын, яғни, бұл аймақтағы қақтығыстардың ДАИШ-тың сәтсіздікке ұшырауымен аяқталғанын мойындады. Әл-Бағдади, сондай-ақ, бұл бейнежазбада Пасха кезінде Шри-Ланкада лаңкестік әрекеттердің ДАИШ-тың Сириядағы сәтсіздіктеріне жауап екені туралы уәж айтты.