Бахрейн СІМ-нің Иран туралы пікір білдіруге деңгейі жетпейді
(last modified Sat, 04 May 2019 11:00:29 GMT )
Maм 04, 2019 17:00 Asia/Almaty
  • Бахрейн СІМ-нің Иран туралы пікір білдіруге деңгейі жетпейді

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы жұма күні кешке Бахрейннің Сыртқы істер министрі Халед бен Ахмад Але Халифенің ИИР-на қарсы сөздеріне реакциясында оған және Але Халифе режимінің басқа басшыларына өздерінен үлкенге қоқан-лоққы жасарда шек пен деңгейді білуге кеңес берді.

Бахрейннің Сыртқы істер министрі Халед бен Ахмад Але Халифе жуырда "Әш-Шарқ әл-Аусат" саудиялық газетіне берген сұхбатында: "Егер Иран Ормуз бұғазын жауып тастаса, өзін тұншықтырады",-деген болатын.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, сейіт Аббас Моусави Бахрейннің Сыртқы істер министріне Иран туралы пікір білдіруге деңгейінің жетпейтінін, ИИР-ның әлемдік қуат көздері тасымалданатын күре жол Ормуз бұғазының қауіпсіздігін өз халқының мүддесіне сай қамтамасыз ететінін мәлімдеді.

 

 

 

 

Тегтер