Maм 04, 2019 18:47 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясы мен БАӘ мұнай сату көлемін арттыра алмайды

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Лариджани АҚШ-тың кейбір елдерге Иран мұнайын сатып алуға берген жеңілдіктерінің күшін жойғанын, алайда Сауд Арабиясы мен БАӘ-ның мұнай сату көлемін ұлғайтатын мүмкіндігі жоқ екенін айтты.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Әли Лариджани сенбі күні Теһранда Иранның география қоғамының 14-ші конгресінде дұшпанның кейбір елдерге Иран мұнайын сатып алуға берген рұқсатын ұзартпағаннан кейін психологиялық қысым жасай бастағанын айтты.

 

  

Тегтер