Ирандық режиссер Конья халықаралық кинофестивалінің жүлдегері атанды
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i42016-Ирандық_режиссер_Конья_халықаралық_кинофестивалінің_жүлдегері_атанды
Ирандық режиссер Маджид Маджиди Түркияның Конья халықаралық кинофестивалінде ең үздік режиссер жүлдесіне ие болды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 05, 2019 09:56 Asia/Almaty
  • Ирандық режиссер Конья халықаралық кинофестивалінің жүлдегері атанды

Ирандық режиссер Маджид Маджиди Түркияның Конья халықаралық кинофестивалінде ең үздік режиссер жүлдесіне ие болды.

II Конья халықаралық кинофестивалінде Маджид Маджидидің «Сырға тал» және «Аспан балалары» атты екі фильмі көрсетілді. Кинофестивальдің соңында ең үздік режиссер жүлдесі ирандық осы режиссерге табыс етілді.

Конья халықаралық кинофестивалінің хатшысы Абдулсаттар Ярар Маджид Маджидиге ең үздік режиссер жүлдесін табыстау рәсімінде ирандық режиссердің адами және ақлақтық жолдаулары бар айрықша кинофильмдер түсірудегі рөлін мақтап, Иранның заманауи кинематографиясын рухани жолдау жеткізуші деп бағалады.