Мусави: Саудиялық басқыншы коалицияны қолдайтын елдер жауап берулері керек
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы саудиялық коалицияның Йемен астанасы Сана қаласының тұрғын үйлерін бомбалаудағы жаңа қылмысын айыптады.
Саудиялық коалиция қырғи ұшақтарының бейсенбі күні Санаға жасаған шабуылында бір үйдің 6 мүшесі, соның ішінде 4 йемендік бала қаза тауып, 27 бала, 17 әйел мен ондаған азамат жараланды.
Сейіт Аббас Мусави Рамазан айында әуеден жасалған шабуылда құрбан болғандардың туыстарына көңіл айтып: "ИИР халықаралық қауымдастық пен адам құқығы органдарынан өз міндеттерін орындап, кез келген тәсілмен мұндай қылмыстың қайталануына кедергі жасауды сұрады",-деді.
Мусави: "Йеменге басқыншылық жасап жатқан күштерді қолдайтын елдер коалицияға бомбалар мен қырып-жоятын қарулар беру арқылы осы қылмысқа ортақтасты, сондықтан жауап берулері керек",-деп қуаттады.