Бахрейннің "14 ақпан" коалициясы "Ғасыр мәмілесі" конференциясына қарсы мәлімдеме жасады
(last modified Thu, 23 May 2019 11:27:02 GMT )
Maм 23, 2019 17:27 Asia/Almaty
  • Бахрейннің

Бахрейннің "14 ақпан" коалициясы: "Ғасыр мәмілесі" конференциясы – Палестина арманын сату үшін өтетін шара. Бахрейн халқы өз жерінде бөгде елдердің барлық әскери базаларының жабылуын қалайды",-деп қуаттады.

"Тасним" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Бахрейннің "14 ақпан" коалициясы кеше, сәрсенбі күні бір мәлімдемеде: "Бахрейн халқы әрдайым Палестина халқы мен қарсыласу топтарын қолдайтын болады",-деді.

Бахрейннің "14 ақпан" коалициясы бұл мәлімдемеде АҚШ-тың "Ғасыр мәмілесі" жобасын айыптап: "Бұл жоба – әлем мұсылмандарына қарсы жасалған үлкен қылмыс. Бахрейн халқы әрдайым бұл америкалық жобаға өз қарсылығын жариялап келеді",-деді.

Ақ үйдің мәлімдеуі бойынша, Бахрейн "Ғасыр мәмілесі" жобасын жүзеге асырудағы алғашқы қадам ретінде 25-26 маусымда Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Газа секторына инвестиция тарту отырысын өткізеді. Палестина автономды құрылымы мен исламдық қарсыласу топтарының көбі Манама конференциясына байкот жариялады.

Тегтер