Сионистік режимнің ядролық оқтұмсықтарының саны артты
Маусым 17, 2019 13:16 Asia/Almaty
Стокгольмдегі Халықаралық бейбітшілік зерттеу институты (SIPRI) 2018 жылмен салыстырғанда сионистік режимнің ядролық оқтұмсықтары санының артқаны туралы хабарлады.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметінше, Стокгольмдегі Халықаралық бейбітшілік зерттеу институты сионистік режимнің шамамен 30 гравитациялық бомба мен 50 ядролық оқтұмсыққа ие екені туралы мәлімдеді. Аталмыш зерттеу институттың мәліметінше, сионистік режим ядролық қаруы үшін байытылған уран мен плутоний пайдаланады.
Тегтер