Маусым 20, 2019 20:31 Asia/Almaty
  • Хания:

Палестина исламдық қарсыласу қозғалысының (ХАМАС) саяси кеңсесінің басшысы сәрсенбі күні: "Ғасыр мәмілесі" Құдс пен әл-Ақса мешітін палестиналықтардан бөліп ала алмайды",-деп қуаттады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Исмаил Хания Газа секторындағы баспасөз конференциясында: "Құдс Шығыстікі де, Батыстікі де емес, исламдікі",-деді.

"Ғасыр мәмілесі" – АҚШ үкіметі тарапынан жасалған жаңа жоба. Ол Палестина халқының құқықтарын жоюды көздейді. Бұл жоба кейбір араб елдері, соның ішінде Сауд Арабиясы, Бахрейн мен БАӘ-нің әріптестігімен және келісімімен дайындалды.

"Ғасыр мәмілесі" жобасына сәйкес қасиетті Құдс сионистік режимге тапсырылады. Басқа елдердегі палестиналық босқындардың өз елдеріне қайтып оралуға құқықтары жоқ. Палестина Иордан өзенінің батыс жағалауында және Газа секторында қалған жерлерге ғана ие болып қалады.   

Тегтер